Маңғыстауда Қараман-ата кесенесі жанында жарылыс болып, 10 адам жараланды

Фотография - Маңғыстауда Қараман-ата кесенесі жанында жарылыс болып, 10 адам жараланды

Маңғыстау облысындағы Қараман-ата кесенесі жанындағы жарылыста зардап шеккендерге көмекті астаналық мамандар көрсететін болды.

285 0

Маңғыстау облысындағы Қараман-ата кесенесі жанындағы жарылыста зардап шеккендерге көмекті астаналық мамандар көрсететін болды. Естеріңізге сала кетсек, өткен жұмада қасиетті орын маңындағы зиярат етушілер ас ішетін бөлмеде 5 бірдей газ балоны жарылған еді. Бір адам қайтыс болып, тағы оны жарақат алды.

Аймақта ұялы байланыстың жоқтығынан, күлі көкке ұшқан ғимарат астында қалып қойғандар бірнеше сағат бойы жедел жәрдем шақырта алмай жатыпты. Мамандар келе сала, денелерінің 90 пайызын күйік шалған 5 адамды Ақтауға жеткізген. Ал 30 жастағы келіншекті дәрігерлер аман алып қала алмады. Кеше ол жансақтау бөлімінде көз жұмды. Бастапқыда олардың барлығы Астанға жөнелтіледі деген. Алайда науқастар жолды көтере алмайтындықтан, елордалық мамандар Ақтауға шақыртылды. Бүгін Астанадағы күйік орталығынан тағы арнайы бригада ұшып келуі тиіс. Жалпы, Маңғыстау жеріндегі киелі саналатын Қараман ата жерасты мешіті қысы-жазы зиярат етушілерге тола.

Жанбибі Қадырова, зардап шегушінің анасы:

- Мешіттің имамдары тәртіпке қарау керек қой. Кіріп шыққанға ақша алады, қарау керек қой. Жарық, телефон, жедел жәрдем де жоқ. 


Тегтер:

авария

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!