Оралда бойжеткенді көлігімен қағып, қашып кеткен күдікті ұсталды

Фотография - Оралда бойжеткенді көлігімен қағып, қашып кеткен күдікті ұсталды

10 маусым күні 04.45-те Оралдағы Достық даңғылы мен Ж.Молдағалиев көшесінің қиылысында «Мерседес» көлігі жол қауіпсіздігін сақтамай, 1992 жылғы А. есімді қызды қағып кеткен.

117 0

10 маусым күні 04.45-те Оралдағы Достық даңғылы мен Ж.Молдағалиев көшесінің қиылысында «Мерседес» көлігі жол қауіпсіздігін сақтамай, 1992 жылғы А. есімді қызды қағып кеткен.

БҚО ІІД жол полициясы басқармасынан хабарлағанындай, А. оқиға орнында көз жұмса, жүргізуші бой тасалап үлгерген. Соған қарамастан, жедел іздестіру шаралары барысында 1986 жылғы Т. есімді азамат анықталып, ұсталды. Оның үстінен ҚР ҚК 296-бабы 2-бөліміне сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

Биылғы 10 маусымға облыс көлемінде 188 жол-көлік оқиғасы орын алып, соның салдарынан 31-і қаза тауып, 254-і жарақат алды, бұл өткен жылғыдан әлдеқайда көп. 2012 жылы дәл осы мерзімде бұл көрсеткіштер сәйкесінше 132, 23 және 154 болған еді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!