9 адамды тонаған колледж студенті қолға түсті

Фотография - 9 адамды тонаған колледж студенті қолға түсті

деп хабарлайды елорданың Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

195 0

Астанада адам тонаумен күн көрген колледж студенті қолға түсті, деп хабарлайды елорданың Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Дереккөзіне сүйенсек, 18 жастағы «С» есімді азамат екі ай бойы көшеде кетіп бара жатқан адамдардың сөмкесін ұрлаған. Астана қалалық Ішкі істер департаментінің «Сарыарқа» аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкрелері қазір оны қолға түсірді. Құқық қорғаушылардың айтуынша, ол көбінде кешқұрым көшеде кетіп бара жатқан әйел азаматтарды тонаған.

Мысалы, ол түнде тұрғын үйдің ауласында жүрген әйелдің қол сөмкесін ала қашқан. Зардап шегуші әйел 96 000 мың теңге көлемінде зиян көрген екен. Тағы бір түні ол кәмелеттік жасқа толмаған баланың қалта телефонын қолды етіпті.

«Бүгінгі таңда ол 9 адамды тонады деп айыпталуда. Күдіктінің айтуынша, ол ұрлаған заттарын сатып отырған. Қазір ол Астана қалалық Ішкі істер департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасуда», - делінген ақпаратта.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!