Қарағанды облысында дәрігер өз пациентін зорлаған

Фотография - Қарағанды облысында дәрігер өз пациентін зорлаған

Қарағанды облысының тұрғыны Татьяна Шаркова полицияға Даун синдромымен ауыратын қызын дәрігер зорлады деп арыз берген

260 0

Қарағанды облысының тұрғыны Татьяна Шаркова полицияға Даун синдромымен ауыратын қызын дәрігер зорлады деп арыз берген. Бұл туралы "Интерфакс-Казахстан" тілшісі хабарлайды.

«Мен қызымды Қарағанды қаласындағы жүйке жүйесі аурулары диспансеріне емдеуге жатқыздым. Ол жерде қызым 1 айдай ем алды. Бірнеше күн бұрын қызымды үйге алып келдім. Үйге келген соң қызым ауруханада бір дәрігердің зорлағанын айтты. Ақыл-есі қиындау болған соң қызым дәрігердің атын, түрін айта алмады. Гинекологқа тексерткенімде, қызымның зорланғанын растады» дейді жәбірленушінің анасы Татьяна Шаркова.

Қарағанды қаласы, Қазыбек би аудандық прокуратурасы жағдайды ақпараттық агенттіке растаған. Қазіргі уақытта аурухана қызметкерлерінен сұрау алынуда.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!