Теміртауда ерлі-зайыптылар бесінші қабаттан секіріп кетті

Фотография - Теміртауда ерлі-зайыптылар бесінші қабаттан секіріп кетті

Теміртауда 29 жастағы жігіт пен 28 жастағы қыз бесінші қабатта орналасқан пәтердің терезесінен секіріп кетті.

266 0

Теміртауда 29 жастағы жігіт пен 28 жастағы қыз бесінші қабатта орналасқан пәтердің терезесінен секіріп кетті. Бұл жөнінде Қарағанды облысы ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының бастығы Жаңатай Сембеков хабарлады.

«10 маусым күні таңертең Теміртауда Бейбітшілік даңғылындағы тұрғын үйлердің ауласында 29 жастағы жас жігіттің денесі табылды. Мәйіттің жанында жатқан 28 жастағы қыз ауыр халде қалалық ауруханаға жеткізілгенімен, ол есін жимастан көз жұмды», – деді Ж.Сембеков.

Көршілердің айтуынша, қыз бен жігіт азаматтық некеде тұрған. Олардың мұндай қадамға баруына не себеп болғанын ешкім түсіндіре алмады.

Тергеудің алдын ала болжамы бойынша, ішімдік ішкен жастар осылайша өмірілерімен есеп айырыспақ болған. Бірнеше сараптама тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде. 

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!