Ақтөбе қаласында кәмелеттік жасқа толмағандардың істері жөніндегі 22 жастағы инспектор адамның өліміне алып келген жол апатын жасады.
ІІД баспасөз қызметінен хабарлағандай, 9 маусым күні Нокин даңғылында «Мерседес-Бенц» көлігін мас күйінде тізгіндеген 22 жастағы тәртіп сақшысы жолдың қарсы бағытына шығып, «Газель» көлігімен соқтығысқан. «Газельдің» жүргізушісі оқиға орнында мерт болды.
«Мерседестің» жүргізушісі бас миының шайқалуы, бас сүйек-миының жабық жарақатымен жедел медициналық көмек ауруханасына жеткізілді. Оған қатысты ҚР ҚК 296-бабы («Абайсызда адам өліміне алып келген жолда жүру ережесін бұзу») бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Пікір (0)