Ақтөбеде 1,5 жасар сәби екінші баланың өліміне себепкер болды

Фотография - Ақтөбеде 1,5 жасар сәби екінші баланың өліміне себепкер болды

Ақтөбе қаласында Түрксіб көшесінде велосипед мінген 4 жасар бала қаза болды. Оның өліміне кішкентай бүлдіршін себепші болған

209 0

Ақтөбе қаласында Түрксіб көшесінде велосипед мінген 4 жасар бала қаза болды. Оның өліміне кішкентай бүлдіршін себепші болған.

Бұл туралы ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

Анықталғандай, әкесі мен 1,5 жастағы балдырған «Ниссан Максима» көлігімен қонаққа келген. Қараусыз қалған бала көліктің оталдыру тетігіндегі кілтті бұрап, орнынан қозғала бастаған машина велосипед мінген 4 жасар баланы қағып кеткен.

Салдарынан басы жарақаттанған, жамбасы сынып, ішкі ағзалары зақымданған бала темір жол ауруханасына жеткізілді. Бірақ оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмады. Бүгінде аталмыш оқиға бойынша тергеу жұмыстары жүргізілуде.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!