Алматыда төрт адам өлтірген Өзбекстан азаматы ұсталды

Фотография - Алматыда төрт адам өлтірген Өзбекстан азаматы ұсталды

деп хабарлайды Алматы қалалық ІІД-нің баспасөз қызметі.

168 0

Алматыда екі баламен қоса екі адамды буындырып өлтірген Өзбекстан азаматы ұсталды, деп хабарлайды Алматы қалалық ІІД-нің баспасөз қызметі.

11 маусым күні екі бала (2006-2010 жылдары туған) және екі ересектің (1979 ж.т. және 1994 ж.т.) жансыз денелері өз пәтерінде табылған. Марқұмның бірі Қытай Халық республикасының азаматы.

Марқұмның күйеуі мен әкесінің айтуына қарағанда пәтерден ішінде ақша және алтын зергерлік бұйымдары бар сейф ұрланған.

Сол күні сағат 22-де жедел-іздестіру шарасы барысында «Буран-135» патрульдік машинасының экипажы 1983 жылғы Өзбекстан Республикасы азаматы Ихбол Турдиевті, 25 жастағы екі Алматы облысының тұрғынын ұстаған.

Өзбекстан азаматы төрт адамды өлтіргенін мойындады. Айыпталушының айтуына қарағанда ол сейфтегі байлықты алу үшін адам қанын мойнына жүктеген көрінеді. Ол үй иесімен таныс әрі бірнеше рет қонақ болғандықтан ақша мен зергерлік бұйымның бар екендігін білген.

Сейфті ашқанда ішінен 299 мың қытай юаны, Алматы облысының Жамбыл ауданындағы үйдің құжаты, түрлі сомадағы қарыз алғандардың қолхаттары, тұмар және 5 кілт шыққан.

Қазір оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, іс тергелуде.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!