Алматы облысында әйелімен ұрысып қалған жігіт өз-өзін өртеп жіберген

Фотография - Алматы облысында әйелімен ұрысып қалған жігіт өз-өзін өртеп жіберген

деп хабарлайды облыстық ішкі істер департаменті.

146 0

Алматы облысында полиция өз-өзін өртеп жіберген 26 жасар жігіттің қаза болу оқиғасына қатысты тергеу жүргізуде, деп хабарлайды облыстық ішкі істер департаменті.

ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Көбейхан Нұрахметтің айтуына қарағанда, өз-өзіне қол жұмсау оқиғасы Көксу ауданы Балпық би ауылында тіркелген. Онда отбасылық кикілжіңнің салдарынан жас жігіт өзінің «Фольксваген Пассат» автокөлігіне отырып, өз-өзін өртеп жіберген.

«Болған жайды тексеру барысында полицейлер жігіттің отбасылық ұрыстың кесірінен төркініне кетіп қалған әйелі мен балаларын қайтарып әкету үшін Іле ауданынан келгенін анықтады. Әйелі қайтып оралмайтынын жеткізген. Жанжал барысында отағасы үстіне бензин құйып, көлігіне отырады да өз-өзін жағып жібереді. Отқа оранған көлік ішінен жігітті аман алып шығу мүмкін болмады», - дейді К.Нұрахмет.

Аталған оқиғаға қатысты Көксу АІІБ тергеуге дейінгі тексеру жұмыстарын жүргізуде. 

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

Су басты

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!