Жамбыл облысында полиция қызметкерлері 1 тоннадан астам есірткі тәркіледі

Фотография - Жамбыл облысында полиция қызметкерлері 1 тоннадан астам есірткі тәркіледі

«Көкнәр-2013» жедел-алдын алу іс-шарасын жүргізу кезінде Жамбыл облысы ІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері екі ірі көлемді есірткі затын тәркіледі. Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметінен хабарлады

162 0

«Көкнәр-2013» жедел-алдын алу іс-шарасын жүргізу кезінде Жамбыл облысы ІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері екі ірі көлемді есірткі затын тәркіледі. Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметінен хабарлады.

Ведомствоның ақпаратына қарағанда, Мерке ауданының құмды аумағында полицейлер 30 жастағы Тараз қаласының тұрғынын қолға түсіріп, одан 400 келіден аса «марихуана» есірткі затын тәркілеп алды. Аталған азамат 2006 жылы осыған ұқсас қылмыс жасап, сотқа тартылған. Күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 259 бабы бойынша (есірткі заттарын өте ірі мөлшерде заңсыз иелену, сату мақсатынсыз сақтау) қылмыстық іс қозғалды. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындалады.

Сонымен қатар Құмөзек ауылы аумағына қарасты «Сарғау» шатқалында 800 келіге тарта «марихуанамен» ұсталған 46 жастағы Тараз қаласының тұрғынына да жоғарыда аталған жаза қарастырылған.

Күдіктілердің екеуі де қамауға алынып, қазіргі таңда есірткіні тасымалдау арнасын анықтау бойынша жедел-іздестіру, арнайы және тергеу шаралар кешені жүргізілуде.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!