Екібастұзда 4 жасар баланы мұрнынан сүйреген тәрбиеші жазаланды

Фотография - Екібастұзда 4 жасар баланы мұрнынан сүйреген тәрбиеші жазаланды

 Екібастұзда 4 жасар баланы мұрнынан тартып сүйреген «Ромашка» балабақшасының тәрбиешісі жазаланды.

365 0

 Екібастұзда 4 жасар баланы мұрнынан тартып сүйреген «Ромашка» балабақшасының тәрбиешісі жазаланды.

Баланың анасы сотқа берген арызында «балабақшаның тәрбиешісі ұлымның денесіне зақым келтірген», деп жазған. Сот қаулысы бойынша, 55 жастағы тәрбиеші «денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру» бабы бойынша әкімшілік құқық бұзды деп айыпталды. Оған әкімшілік жаза ретінде 50 АЕК мөлшерінде, яғни 86 550 теңге айыппұл төлеу тағайындалды, дейді әкімшілік соттың баспасөз қызметі.

Баланың анасы балабақшаға келгенде ұлының мұрны іскенін байқайды. Музыка сыныбында дайындық кезінде «тәрбиешім мұрнымнан тартып сүйреді» деп анасына шағымын айтады. Сот-медициналық сараптамада анықталғанындай, тәрбиеші расында баланың денсаулығына зиян келтірген.

Тәрбиеші өз кінәсін мойындамай отыр, «мен дайындық кезінде балаға бірнеше рет ескерту жасадым, алайда ол мені тыңдамады» деді. Соңында құлақсыз баланы қолынан сүйреймін деп, қолы мұрнының ұшына тиіп кеткен көрінеді.

 


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!