Батыс Қазақстанда жалған құжатпен автокөлік айдап келу фактілері анықталып отыр

Фотография - Батыс Қазақстанда жалған құжатпен автокөлік айдап келу фактілері анықталып отыр

 Батыс Қазақстан облысында жалған құжатпен автокөлік айдап келу фактілері анықталып отыр.

146 0

 Батыс Қазақстан облысында жалған құжатпен автокөлік айдап келу фактілері анықталып отыр.

БҚО бойынша кедендік бақылау департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәлімет бойынша 2011 жылы Орал қаласында тұратын Х. Минск қаласындағы «Льюмбел» кәсіпорны берген құжатпен және Беларусь Республикасында тіркеу куәлігімен «Toyota Land Cruiser 200» автокөлігін айдап әкелген. Алайда Беларусь елінің кеденшілерімен бірлесіп тексере келгенде, мұның жалған екендігі анықталды. Аталмыш тіркеу нөмірімен мүлде басқа автокөлік тіркелген, ал «Льюмбел» кәсіпорны 2004 жылы таратылып, есепшоты жабылған болып шықты. Батысқазақстандық департаменттің кедендік табыстар басқармасы аталған автокөліктің құнын 3 млн. 577 мың теңге көлемінде белгіледі. Бұл факті бойынша ҚР ҚК 209-бабы 1-бөліміне сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

Дәл осындай іс Украина азаматы У-ға да қатысты қозғалды. Ол «Toyota Land Cruiser Prado» автокөлігімен биылғы ақпанда тасқалалық жол полицейлерімен тоқтатылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Тексере келгенде, жүргізушіде автокөліктің өзге елден әкелу заңдылығын көрсететін құжат жоқ болып шықты. Мұның құны 2 млн. 822 мыңнан астам теңгені құрады.

Бұл батысқазақстандық кеденшілер жыл басынан бергі қозғаған тоғызыншы қылмыстық іс болып отыр.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!