Ұры полиция бөлімінің 2-ші қабатынан секіріп кетті

Фотография - Ұры полиция бөлімінің 2-ші қабатынан секіріп кетті

Павлодарда кезекті қылмысы үстінде ұсталған ұры жазадан жалтару үшін полиция бөлімінің екінші қабатынан секіріп кетті. Алайда омыртқасына зақым келіп, алысқа ұзап кете алмады.

355 0

Павлодарда кезекті қылмысы үстінде ұсталған ұры жазадан жалтару үшін полиция бөлімінің екінші қабатынан секіріп кетті. Алайда омыртқасына зақым келіп, алысқа ұзап кете алмады.

Аурухана төсегіне таңылған 39 жастағы ер адам дүкен сатушысын тонаған. Пышақпен қорқытып 67 мың теңге мен ұялы телефонды олжалапты. Алайда көп ұзамай қолға түскен ол полиция бөліміне жеткізіледі. Сөйтсе кәнігі ұры қарақшылық пен ұрлық бойынша бірнеше рет істі болған екен. Кезекті қылмысы үшін жазадан сытылу үшін тергеу кезінде тәртіп сақшысын итеріп, екінші қабаттағы терезе әйнегін сындырып секіріп кеткен. Алайда омыртқасы сынып, аурухандан бір-ақ шықты. Қазір темір торы бар палатаға жатқызылып, есігінің алдына күзет қойылды.

Күдікті:

- Полицияның қысымынан әрі ұрып-соғуынан құтылу үшін терезеден секіріп кеттім. Жазадан құтылу мақсатында емес. 


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!