Маңғыстау облысында ҚР ККМ Азаматтық авиация комитетінің бұрынғы басшысын және каратэден әлем чемпионын өлтіріп кетті

Фотография - Маңғыстау облысында ҚР ККМ Азаматтық авиация комитетінің бұрынғы басшысын және каратэден әлем чемпионын өлтіріп кетті

Маңғыстау облысында ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитетінің бұрынғы төрағасы Мұхит Кубаев пен полицияның бұрынғы қызметкері, каратэден әлем чемпионы Серік Бимурзин өлтірілді

160 0

Маңғыстау облысында ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитетінің бұрынғы төрағасы Мұхит Кубаев пен полицияның бұрынғы қызметкері, каратэден әлем чемпионы Серік Бимурзин өлтірілді.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің басшысы Әлия Шермағамбетова ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында күдікті анықталғанын хабарлады. Ол 1975 жылы туған Ақтау қаласының бұрынғы тұрғыны. ІІД өкілі сондай-ақ тәртіп сақшылары оның сөмкесінен «Байкал» тапаншасын, автомат пен оққа қарсы екі кеудешені тапқанын атап өтті.

Полицейлер қылмысты «ізін суытпай» ашты. Оқиғаның болжамды себептері бүгін Маңғыстау облыстық ІІД-нің баспасөз мәслихатында айтылатын болады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!