Теледидардың салдарынан 2 жастағы бүлдіршін ажал құшты

Фотография - Теледидардың салдарынан 2 жастағы бүлдіршін ажал құшты

Талғар АІІБ-не Бесағаш кентінде абайсызда теледидар екі жастағы бүлдіршіннің үстіне құлағаны туралы ақпар түсті.

185 0

Талғар АІІБ-не Бесағаш кентінде абайсызда теледидар екі жастағы бүлдіршіннің үстіне құлағаны туралы ақпар түсті.

Облыс прокуратурасынан хабарлағандай, балғын өзінің 4 жастағы ағасымен бөлмеде асыр салып ойнап жүрген. Сол кезде кіші баланың үстіне абайсызда теледидар құлады. Олардың анасы бірден жедел жәрдем қызметіне жүгінген. Алайда оқиға орнына жеткен ақ халаттылар баланың тіл тартпай кеткенін анықтаған.

Бүгінде оқыс оқиғаға байланысты материалдар жинақталып, Талғар АІІБ тіркелді. Тергеуалды тексеру жұмыстары қолға алынып отыр.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!