Алматыда анасымен келіспей қалған қыз өз-өзіне қол жұмсады

Фотография - Алматыда анасымен келіспей қалған қыз өз-өзіне қол жұмсады

 Алматылық мектептердің бірінің 10-шы сынып оқушысы анасымен жанжалдасып, өз-өзіне қол жұмсаған.

155 0

 Алматылық мектептердің бірінің 10-шы сынып оқушысы анасымен жанжалдасып, өз-өзіне қол жұмсаған.

 

«Анасының айтуынша, ол қызынан үйді жинауды сұраған, баласы одан бас тартқан. Бұл жағдайдың салдарынан отбасында ұрыс-керіс шығып, қыз шатырдың астына шыққан. Онда қыздың өз орны болған. Онда ол жиі уақытын өткізіп, кітап оқитын және т.б. Сондықтан қызының онда кеткеніне мән бермеген анасы жуынатын бөлмеге бет алды», - дейді Алматы ІІД баспасөз хатшысы Ермек Болтаев. Оның айтуынша, қыздың өз-өзіне қол салғанына балконда шылым тартып тұрған көршісі куә болды.

«Көршісі айқайды естісімен, тәртіп сақшыларын шақыртты. Оқиға орнына алдымен Медеу АІІБ қызметкерлері жетті. Өкінішке орай, қыздың өмірін сақтап қалу мүмкін болмады. Оны ауруханаға жеткізу кезінде жан тапсырды. Қылмыстық іс қозғалмайды, өйткені өз-өзіне қол жұмсау фактісі екені айқын», - дейді Е.Болтаев.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!