Астанада кәмелетке толмаған қыздың зорлануы бойынша қылмыстық іс қаралуда

Фотография - Астанада кәмелетке толмаған қыздың зорлануы бойынша қылмыстық іс қаралуда

 Астана қаласының қылмыстық іс бойынша арнайы аймақаралық сотында кәмелетке толмаған қыздың зорланғандығы туралы қылмыстық іс қаралуда. Бұл туралы Астана қаласы прокуратурасының баспасөз қызметінен хабарланды.

246 0

 Астана қаласының қылмыстық іс бойынша арнайы аймақаралық сотында кәмелетке толмаған қыздың зорланғандығы туралы қылмыстық іс қаралуда. Бұл туралы Астана қаласы прокуратурасының баспасөз қызметінен хабарланды.

ҚР кез келген азаматы Қазақстан Республикасының, Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың, құқықтарын, абыройы мен ар-намысын құрметтеуге міндетті екені Конституцияның 34 бабымен бекітілген.

«Алайда, сотталушы Берсінов (тегі өзгертілген) осы міндеттерге бас имей, кәмелеттік жасқа толмаған жас қызды жәбірлеп, абыройдан айырды. 2013 жылдың ақпанында Берсінов Астана қаласында күзетші болып жұмыс істеп жүріп, азық-түлік дүкенінде сатушы болып жұмыс істейтін С. Құланбаймен (тегі өзгертілген) танысып, оның кәмелеттік жасқа толмағанын біледі.

2013 жылы 5 наурызда Берсінов кәмелетке толмаған Құланбаймен оның еркінен тыс жыныстық қатынасқа түсу ниетін жүзеге асыру мақсатымен, түскі уақытта ол сатушы болып істейтін азық-түлік дүкеніне келеді. Осы жерде Берсінов өзінің жыныстық құштарлығын қанағаттандыру мақсатында жәбірленушінің көрінеу кәмелет жасқа толмағанын біле тұра, оның екі қолын артына қайырып, қарсылық көрсетуге мүмкіншілік бермей, жыныстық қатынасқа түсіп, зорлаған», делінген прокуратура хабарламасында.

Берсіновке зорлау, яғни жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып, жыныстық қатынас жасағаны туралы айып тағылған. Қылмыстық іс Астана қаласының қылмыстық іс бойынша арнайы аймақаралық сотында қаралуда.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!