Қызылордада жеңгетайлық жасап жүрген әйел сотты болды

Фотография - Қызылордада жеңгетайлық жасап жүрген әйел сотты болды

Қызылорда облысында қарасты аудандық сот жеңгетай болып, жезөкше қыздарды сатумен айналысқан әйелге үкім шығарды. Ол тапсырыс бергендерге «тірі» тауарды жеткізіп отырған

235 0

Қызылорда облысында қарасты аудандық сот жеңгетай болып, жезөкше қыздарды сатумен айналысқан әйелге үкім шығарды. Ол тапсырыс бергендерге «тірі» тауарды жеткізіп отырған. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады.

Полицияға 21 жастағы Н. есімді әйелдің белгілі бір ақы төлеген ер адамдарға ләззат сыйлайтын жас қыздарды жеткізіп беріп отырғаны туралы ақпарат түседі. Оқиға 2013 жылдың ақпан айында орын алған. Осы арыз негізінде полиция қызметкерлері ұйымдастырған жедел іздестіру шарасы барысында күдікті азаматша ақшалай қаражатты алу кезінде қолға түсті.

Сотталушы Н. 2013 жылдың 6-наурызы күні 18-дер шамасында арызданушы Ж.-мен кездесіп, оған жыныстық  қатынасқа түсу үшін азаматша А.-ны ертіп апарып, одан 6000 теңге ақша алып, пайдакүнемдік мақсатында жеңгетайлық жасаған.

Жеңгетай бұрын аудандық соттың 2012 жылғы үкімімен ҚР ҚК-нің 178-бабы 2-бөлігі «а» тармағымен (жәбiрленушiнiң өмiрi мен денсаулығына қауiптi емес күш қолданумен, не осындай күш қолданамын деп қорқыту арқылы тонау) 3 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасына сотты болған.

Басты сот талқылауында сотталушы Н. өзіне тағылған айыпты толық мойындап екінші қайталамайтындығын, жетімдер үйінде өсіп, ата-анасы болмағандықтан үй-күйі жоқтығын, қазіргі кезде бір азаматпен бас қосып түзелу жолына түскендігін айтып, бас бостандығы өзінде қалатын жаза тағайындауды сұрады.

Сотталушы Қылмыстық кодекстің 271-бабы 1-бөлігімен (жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық, сондай-ақ пайдакүнемдiк мақсаттағы жеңгетайлық) кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сондай-ақ, оған Кодекстің 63-бабын (шартты түрде соттау) қолданып, тағайындалған жазаны сол мерзімге шартты деп есептеп, 1 жыл сынақ мерзімі белгіленіп, мінез-құлқын бақылау аудандық қылмыстық-атқару инспекциясына жүктелді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!