Шахтинскіде халықаралық іздеуде жүрген ресейлік ұсталды

Фотография - Шахтинскіде халықаралық іздеуде жүрген ресейлік ұсталды

Қарағанды облысындағы Шахтинскі қаласында халықаралық іздеуде жүрген Ресей Федерациясының 29 жастағы азаматы ұсталды

361 0

Қарағанды облысындағы Шахтинскі қаласында халықаралық іздеуде жүрген Ресей Федерациясының 29 жастағы азаматы ұсталды, деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметі.

«14 маусымда Шахтинскіде жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында қаланың орталық көшелерінің бірінен 29 жастағы жігіт ұсталды. Ол ресейлік полицейлер халықаралық іздеу жариялаған адам болып шықты. Санкт-Петерборда оған қатысты РФ ҚК-нің 2-бөлімі, 158-бабының «в» тармағымен - «Ұрлық» - қылмыстық іс қозғалған», - делінген хабарламада.

Ұсталған адам уақытша оқшаулау абақтысына қамалды, таяудағы уақыттарда ол еліне экстрадацияланбақ.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!