Ел аймақтарында 3 адам суға батып кетті

Фотография - Ел аймақтарында 3 адам суға батып кетті

Қостанай облысының Құмкешу ауылында Торғай өзеніне шомылу кезінде 21 жастағы жігіт суға батып кетті

251 0

Еліміздің аймақтарында 3 адам суға кетті, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.

Қостанай облысының Құмкешу ауылында Торғай өзеніне шомылу кезінде 21 жастағы жігіт суға батып кетті. Оның мәйіті ҚР ТЖМ Қостанай облыстық суда құтқару қызметінің күшімен (3 адам мен бір техника) табылып, судан шығарылды.

Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданында Көкөзек өзеніне шомылған 15 жастағы қыз батып кетті. Оның мүрдесі ҚР ТЖМ ШҚО суда құтқару қызметінің 3 маманы мен бір техникасының күшімен судан шығарылды.

Атырау облысының Самаркин ауылында Шарон өзенінде балық аулау кезінде 14 жастағы жасөспірім суға батып кетті. Оның денесі сағат 21.32-де ҚР ТЖМ Атырау облыстық суда құтқару қызметінің күшімен (3 адам мен бір техника) табылып, судан шығарылды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!