Алматы облысында майсайған ер адам көшеде оқ атқан

Фотография - Алматы облысында майсайған ер адам көшеде оқ атқан

Қоғамдық орында қарудан оқ атқан Текелі қаласының 64 жастағы тұрғыны қолға түсіп, оған қатысты қылмыстық іс қозғау мәселесі қаралып жатыр

97 0

Қоғамдық орында қарудан оқ атқан Текелі қаласының 64 жастағы тұрғыны қолға түсіп, оған қатысты қылмыстық іс қозғау мәселесі қаралып жатыр.

Текелі қаласының полиция қызметіне ірі дүкендердің маңында қару асынып алған масайған ер адамның «серуендеп» жүргені туралы хабар түсті.

Текелі ҚІІД қызметкерлері оқиға орнына аттанып, олар мамандандырылған күзет қызметі басқармасы сақшыларымен бірлесе дүкен айналасын қоршап, 16-шы калибрлі екі оқпанды аңшылық мылтықпен қаруланған күдіктіні қолға түсірді. Қару тіркелген. Бүгінде есін жиған ол тәртіп сақшыларына түсініктеме беруге кірісті.

Аталмыш оқиға бойынша материалдар жинақталуда. Мылтық тәркіленді және баллистикалық сараптамаға жіберілді. Енді қару иесінің қандай да бір қару иеленуіне тиым салынбақ.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!