Саңырау жігіт 7 жастағы қызды зорлаған

Фотография - Саңырау жігіт 7 жастағы қызды зорлаған

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына 1 сынып оқушысын зорлап, қинап өлтірген азғынға қатысты қылмыстық іс келіп түсті

179 0

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына 1 сынып оқушысын зорлап, қинап өлтірген азғынға қатысты қылмыстық іс келіп түсті деп хабарлайды облыстық Соттың баспасөз қызметі.

Оқиға ағымдағы жылдың ақпан айының ортасында Қызылорда облысына қарасты аудан орталығында орын алған.

Көршісімен ащы суға тойған жігіт, бөтелкелесі кетіп қалған соң жалғыз өзі теңселіп жүрген кезінде, көше бойымен мектептен шығып үйіне қайтып бара жатқан бүлдіршінді көзі шалады. Осы кезде оған жаман ой келеді. Сөйтіп, арам ойын жүзеге асырмақ ниетте ол 1 сынып оқушысының (2006 жылы дүниеге келген) ізіне түседі. Мас жігіт жәбірленушіні май құю бекетінен өтіп, ескі ғимараттың тұсына жеткен кезде ғимараттың қалтарыс жеріне сүйреп апарып, тапа-тал түсте күш қолданып, зорлаған. Бейкүнә періште қарсылық білдіргенімен 25 жасар жігітке ешқандай шамасы келмеді. Сотталушы арам ісін жасап болған соң бүлдіршін қызды қылғындырып, аса қатыгездікпен қышпен бетінен, маңдайынан, басынан бірнеше қайтара ұрады. Нәтижесінде қыз сол жерде жан тапсырады.

Айыптау қорытындысына бойынша алкогольдік ішімдікке тойып алған ер адам жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып, әуелі қорқытып, өз ығына қаратып алған. Содан кейін ойына алған ісін тындырған. Одан соң қылмысын жасыру үшін, аяусыз ұрып өлтірген.

Айыпкер 1988 жылы дүниеге келген, бұрын сотты болмаған, үйленбеген, еш жерде жұмыс істемейтін қазақ ұлтының азаматы. Сондай-ақ, ол 3-ші топтағы мүгедек, яғни, сөйлей алмайтын мылқау екен. Мұндай айуандық қадамға қалай барғаны белгісіз. Себебі, сотталушы нашақорлық, маскүнемдік және де жүйке ауруларымен ауырмайды. Алайда, ол өзіне тағылған айыпты мойындамауда. Бірақ, нақты айғақтар мен сот-медицина сараптамасының қорытындысы оның кәмелет жасқа толмаған қызды зорлап өлтіргенін дәлелдейді.

Ұсталған азаматтың үстінен бүгінгі күні кәмелет жасына толмаған қызды зорлау және аса қатыгездікпен қылмысын жасыру үшін адам өлтіру деген айыптар тағылып отыр.

Қазіргі таңда қылмыстық іс сотта қаралуға тағайындалды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!