Алматы облысының 42 жастағы тұрғыны жаңа туған сәбиін сатып жіберді

Фотография - Алматы облысының 42 жастағы тұрғыны жаңа туған сәбиін сатып жіберді

Алматы облысының тәртіп сақшылары жаңа туған нәрестені сату оқиғасын әшкереледі

274 0

Алматы облысының тәртіп сақшылары жаңа туған нәрестені сату оқиғасын әшкереледі.

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел алдын алу шараларының барысында Жамбыл ауданының 42 жастағы тұрғыны ақпан айында туылған сәбиін делдалдар арқылы 3 мың АҚШ долларына бәз біреулерге сатып жібергенін анықтады.

Сату-сатып алу кезінде делдал ретінде «тер төккен» әйел тергелді. Босанған әйел ауруханадан шыққан соң, бала саудаланып, белгісіз тұлғаларға тапсырылған. Кейін сатып алушылар көлігінің түрі мен мемлекеттік нөмірі анықталды. Жамбыл облысының Меркі ауданына қызметтік іссапарға шыққан полицейлер бүлдіршінді ауылдардың бірінен тауып алды.

Жаңа туған нәрестені саудалау оқиғасы бойынша заңсыз келісімге қатысқан тұлғалардың үстінен ҚР ҚК 133 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тәртіп сақшылары дүниеге келгеннен кейін медициналық есепке қойылуы тиіс сәбидің жоғалуы туралы құқық қорғау органдарына хабарламаған медицина қызметкерлерін тексермек.

Бүгінде сәби балалар үйіне орналасырылды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!