Алматыда Хизб-ут-Тахрир ұйымының мүшесі ұсталды

Фотография - Алматыда Хизб-ут-Тахрир ұйымының мүшесі ұсталды

Алматыда мешіт жанында Хизб-ут-Тахрир ұйымының мүшесі ұсталды.

272 0

Алматыда мешіт жанында Хизб-ут-Тахрир ұйымының мүшесі ұсталды.

2012 жылы Алматыда экстремистік топқа қатысы бар деген күдікпен бір топ азамат ұсталған болатын. Кейіннен полиция 1977 жылы туылған Нұржан Өткелбайдың ізіне түседі. Оған «Заңсыз қоғамдық және басқа да бірлестіктер құру немесе олардың қызметiне қатысу» бабында ескерілген қылмысты жасады деген айып тағылады.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері күдіктінің пәтеріне тексеру жүргізіп, тыйым салынған әдебиеттер тәркіледі. Сараптамада анықталғанындай, кітаптар Қазақстанда тыйым салынған діни-экстремистік партияға қатысы бар болып шықты. Полицияның хабарлауынша, ұсталған азамат 2008 жылдан бері партияға мүше болып келген және қол астында оған бағынышты 5 адамы болған.

Бұл іс сотқа жіберілген, алайда, күдікті отырысқа қатыспаған. Осыдан кейін оған іздеу жарияланды. 2013 жылы 24 мамырда Медеу ауданының прокуратурасы күдікті Өткелбайды Алматыдағы мешіттің жанынан ұстады. Қазір ол уақытша ұстау изоляторында сот процесінің басталуын күтіп отыр. Ол 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!