Қарағандыда әйелін өлтірген 26 жастағы ер адам өзіне қол жұмсамаққа әрекеттенген

Фотография - Қарағандыда әйелін өлтірген 26 жастағы ер адам өзіне қол жұмсамаққа әрекеттенген

Қарағандыда 26 жастағы ер адам әйелімен жанжалдасып, оған пышақ сұққан

186 0

Қарағандыда 26 жастағы ер адам әйелімен жанжалдасып, оған пышақ сұққан.

Кейін өзіне қол жұмсамақ болды, деп хабарлайды облыстық ІІД баспасөз қызметінен.

«Қарағандыда жеке пәтерінде зорлық-зомбылық белгілермен қаланың фитнес орталықтарының біріндегі спа-аэробика бойынша жаттықтырушы 28 жастағы әйелдің мәйіті, сол жерде мойнынан жарақаттанған оның 26 жастағы күйеуі табылды. Ер адам ауруханаға жатқызылды», - делінген хабарламада.

Тергеу барысында дау-дамайдың салдарынан ер адам өз әйеліне бірнеше рет пышақ сұғып, оның ажал құшқанын көргеннен кейін өзіне қол жұмсағаны белгілі болды.

«Ұсталған ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары қолға алынды. Күдікті бүгінде ем қабылдауда», - деп атап өтті облыстық ІІД баспасөз қызметінен.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!