Алматыда «Магнум» аумағында ер адам қарудан жарақаттанды

Фотография - Алматыда «Магнум»  аумағында ер адам қарудан жарақаттанды

Оқиға орнына жеткен Жетісу ІІБ қызметкерлері еуропалық нәсілді ер адамның оқ атқанын анықтады

155 0

  Алматыда «Магнум» сауда кешенінің аумағында ер адам қарудан жарақаттанды, деп хабарлайды қалалық ІІД баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша оқиға 15 маусым күні орын алған.

 

«Оқиға орнына жеткен Жетісу ІІБ қызметкерлері еуропалық нәсілді ер адамның оқ атқанын анықтады. Жапа шегушінің айтуынша, сауда кешеніне кіреберісте ол достарымен бірге үш жігітпен байқаусызда соқтығысып қалған. Кейін «Магнумнан» шыққан кезде аталмыш әлгі үшеуі оларды қуып жетіп, бірі оқ бората бастаған», - .делінген хабарламада. 

 

Жапа шегуші бұл жігіттерді бұған дейін көрмеген. Алматылық көпсалалы аурухананың анықтамасы бойынша ер адам ішінен жарақаттанған.

 

Оқиға орнын тінту барысында гильза және арақтың бос шөлмегі табылды. Бұған қоса «Магнум» СК бейне бақылау камерасы да алынды.

 

ҚР ҚК 257 бабының 3 б. (Қаруды қолдана отырып қарақшылық жасау) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!