Қазалыда «жеңгетай» жауапқа тартылды

Фотография - Қазалыда «жеңгетай» жауапқа тартылды

 Қазалы аудандық соты жеңгетайлықпен айналысқан әйелді жауапқа тартты деп хабарлайды аудандық соттың баспасөз хатшысы бас маман Бертай Серік.

344 0

 Қазалы аудандық соты жеңгетайлықпен айналысқан әйелді жауапқа тартты деп хабарлайды аудандық соттың баспасөз хатшысы бас маман Бертай Серік.

2013 жылдың ақпан айында аудан тұрғыны «Т.Ж.» Қазалы аудандық ішкі істер бөліміне келіп, кентте «Н.Ж.» есімді әйелдің жыныстық қатынасқа қыздарды сатып, жеңгетайлық жасап жүргенін хабарлап, сол жөнінде арыз жазған. Осы арыз негізінде полиция қызметкерлерімен оперативтік жұмыстар жүргізіліп, нәтижесінде 06-наурыз 2013-жылы сағат 18-сағаттар шамасында Қазалы қаласы, Кузембаев көшесі №4-үйде азамат «Ж.Т.» мен кездесіп, оған жыныстық қатынасқа түсу үшін азаматша «Н.А.»-ны 6000 (алты мың) теңгеге ұсынып, азамат «Ж.Т.»-дан 6000 (алты мың) теңге алып пайдакүнемдік мақсатында жеңгетайлық жасаған азаматша «Н.Ж.» полиция қызметкерлеріне ұсталған.

Сотта айыпталушы «Н.Ж.» өзіне тағылған айыпты толық мойындаған жауабымен қатар, арызданушы мен куәлардың жауаптарымен, дәлелдеме құжаттарды алу және тексеру жүргізу хаттамаларымен, ақшаны табыс ету хаттамасымен, оқиға болған жерге қарау жүргізу хаттамасымен, оқиға болған жердің сызбасымен, заттай дәлелдеме ретінде танып, іске тіркеу, сақтау туралы қаулысымен, істегі жинақталған өзге де құжаттармен толық дәлелін тапты.

Сотталушы «Н.Ж.» Қазақстан Республикасы ҚК-нің 271-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 3 (үш) жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, ҚР ҚК-нің 63-бабы қолданып, тағайындалған жазаны сол мерзімге шартты деп есептеп, оған 1 (бір) жыл сынақ мерзімі белгіленіп, мінез-құлқын бақылау Қазалы аудандық қылмыстық-атқару инспекциясына жүктелді.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!