Екі «Ауди» автокөлігінің соқтығысуы салдарынан бір адам қаза болып, тоғызы жарақат алды .

Фотография - Екі «Ауди» автокөлігінің соқтығысуы салдарынан бір адам қаза болып, тоғызы жарақат алды .

Екібастұз-Майқайың автожолының 6-шы шақырымында екі «Ауди» автокөлігі бетпе-бет соғысты, деп хабарлайды Павлодар облысы ІІД-нің баспасөз қызметінен.

170 0

Екібастұз-Майқайың автожолының 6-шы шақырымында екі «Ауди» автокөлігі бетпе-бет соғысты, деп хабарлайды Павлодар облысы ІІД-нің баспасөз қызметінен.

Оқиға жексенбі, 16 маусым күні орын алған. «Ауди -80» автокөлігін айдаған 1988 жылғы азамат алдында келе жатқан көліктен озып өтемін деп, қарсы бетке шығып кетеді. Сөйтіп қарсы келе жатқан көлікке соғылады.

Нәтижесінде бір көліктің 1978 жылғы жүргізушісі оқиға орнында қаза болса, екіншісі жарақат алды. Оған қоса, екі көлікте отырған жолаушылар жалпы саны сегіз адам жарақат алып, жедел ауруханаға жеткізілді.


Тегтер:

павлодар

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!