Қарағандыда қарттарды соққыға жыққан 4 бозбала ұсталды

Фотография - Қарағандыда қарттарды соққыға жыққан 4 бозбала ұсталды

Қарағанды қаласының ІІБ-ы Михайлов полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлеріне екі зейнеткерді соққыға жыққан бір топ бұзақы жасты ұстау үшін бірнеше сағат жеткілікті болды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. Бұл туралы Қарағанды облыстық ІІД-нің баспасөз хатшысы Жаңатай Сембеков ақпар берген.

158 0

«Михайлов полиция бөліміне қаланың 62 жастағы және 59 жастағы екі қарт тұрғыны келіп шағымданған. Олар өздерін белгісіз бір топ жастар соққыға жыққанын айтқан. Қарағандының Михайлов полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері бірнеше сағатта қарттарға қол жұмсаған 4 жігітті ұстаған», - деп хабарлады Ж. Сембеков.

Полицияның айтуына қарағанда, ұсталғандардың екеуі ағайындылар екен. Қалған екеуі 14-15 жастағы жасөспірімдер. Олардың бірі қаладағы мектепте 7 сынып оқушылар болып шыққан. Тағы бірі жасы 17-де мектепті биыл бітіріпті.

«Бозбалалар зейнеткерлерді бұзақылық үшін ұрғанын мойындап отыр. Олардың үстінен ҚР ҚК-нің 257 бабы бойынша «Бұзақылық» делініп қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жалғасуда», - дейді Ж. Сембеков.

Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!