9 жасар қызды зорламақ болған күдіктіні полицейлер босатып жіберді

Фотография - 9 жасар қызды зорламақ болған күдіктіні полицейлер босатып жіберді

 Алматыда кәмелет жасына толмаған қызды жыныстық қатынасқа мәжбүрлеп көндірмек болған азамат ұсталды.

245 0

 Алматыда кәмелет жасына толмаған қызды жыныстық қатынасқа мәжбүрлеп көндірмек болған азамат ұсталды.

Дүкенге шығып кеткен 9 жасар қызды арам ойлы адам үйдің сыртында күткен. Саудасын жасап үйіне қарай беттеген бүлдіршінді подъезге кірген сәтте құшақтап тәніне қол жүгіртіпті. Абырой болғанда, қыздың жанұшыра айғайлаған дауысын естіген көрші көлем жабылып жүріп күдіктіні құрықтаған. Бірақ тұрғындар ұстаған азаматты тәртіп сақшылары ертеңінде-ақ босатып жіберді.

Құлақтан кіріп бойды алар әсем әуенді пианиномен жеткізетін өнерлі бөбек ардан безген азаматтың айуандығынан кейін тек осындай мұңлы музыкаға әуес. 9 жасар қызды өзгерткен өткен жұмадағы жағдай мына таспаға басылған. Дүкенге шығып бара жатқан оны есірген еркек аңдып, көпқабатты үйдің подъезіне бірге кіреді. Арғы жағындағы айуандықты тәржімалап та қажеті жоқ.

Жәбірленуші:

- Прижал к стенке.

-Прижал к стенке, а дальше что делал?

- Дальше залез под футболку.

Қыздың зәресі зәр түбіне кетіп, айқайлап көмекке шақырған. Осы сәтте балконда тұрған әкесі төменге ұмтылады. Арам ойын іске асырып үлгермеген арсыз тұра қашыпты. Тұтас үйдің адамдары жабылып жүріп 25 жастағы жігітті қолға түсірген. Жүзін жұдырықпен жанап, полицияға ұстатады.

Күдіктіні тәртіп сақшылары қолын қайырып, көліктеріне салып әкеткен. Бірақ ертеңінде-ақ босатып жіберіпті.

Ольга Соваровская, жәбірленушінің анасы:

-Он ее вот здесь зажал. Она кричала: “Дядя не надо пожалуйста не трогайте меня”. Дома было слышно как ребенок кричал. Мы все выскочили босиком.

Ал тәртіп сақшыларының айтуынша, күдікті ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылыпты. Дегенмен қылмыстық іс қозғалған. Тек ол не істеп, не қойғанын білмепті-мыс.

Ермек Болтаев, Алматы қаласы ІІД баспасөз хатшысы:

-Наркодиспансердегі дәрігерлердің сараптамалық қорытындысы бойынша ол орта деңгейдегі мас болған. Шын мәнінде ол не істегісі келгенін білмейді.

Дүкенге кеткен қызды аулада аңдып жүріп, ақыры артынан еріп келіп қараңғы дәлізде қинауға басы жеткен еркектің әрі қарай не істегім келгенін білмеймін дегені бір қызық, соған сенген тәртіп сақшыларының тұжырымы тіптен қызық. Қозғалған қылмыстық істе әлгі азаматтың айыбы дәлелденсе кемі 5 жылға темір торға тоғытылмақ.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!