Студент қыздар мектеп оқушысын тонаған

Фотография - Студент қыздар мектеп оқушысын тонаған

Теміртау қаласындағы медициналық колледждің екі студенті оқушы қызды тонап кетті.

412 0

Теміртау қаласындағы медициналық колледждің екі студенті оқушы қызды тонап кетті.

Полиция 18 бен 19 жастағы екі студент қызды 13 жастағы қыз баланы тонады деген күдікпен ұстаған. Күдікті екі қыз жасаған істері мойындады. Бойжеткендер бірнеше ай бойы аңдып жүріп, 6 сынып оқушысынан Nokia ұялы телефонын тартып әкеткен. Оқиға орнынан көлікке мініп іздерін суытқан көрінеді. Жәбірленушінің анасы дереу полицияға шағымданған.

Айта кетерлігі, студент қыздардың адам тонау фактісі осыменен бірнеше рет кездесіп отыр. Қазіргі уақытта екі бойжеткенге байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Естеріңізге сала кетейік, өткен мамыр айында Астана қаласында екі студент қыз мектеп оқушысын ұрып-соғып, ұялы телефонын тартып алған еді. Екі студент қыз ұсталып, қылмыстық іс қозғалған.

 


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!