Алматыда ірі жол апаты болды

Фотография - Алматыда ірі жол апаты болды

 Алматыда 4 автокөліктің қақтығысуынан әйел адам қайтыс болды.

136 0

 Алматыда 4 автокөліктің қақтығысуынан әйел адам қайтыс болды.

Автокөліктер Алматы қаласының Жандосов пен Розыбақиев көшелерінің қиылысында соқтығысқан. Оқиға жанар-жағармай құю бекетіне таяу жерде болған. Куәгерлердің айтуынша «Тойота» автокөлігі Жандосов көшесі бойынан шығыс беткейге, ал, «Ауди» көлігі батыс беткейге қарай келе жатқан. Осы уақытта «Шевроле» көлігі жанар-жағар май бекетінен шыққан. Көлік тізгініндегі әйел Жандосов көшесінің бойына өтуі тиіс «Тойота» көлігінің жолын кескен. Нәтижесінде «Тойота» көлігі «Шевроле» көлігімен соқтығысып, шетте тұрған «Мерседес» көлігіне барып соғылған. Жандосов көшесі бойынан өтіп бара жатқан «Ауди» көлігі де осы оқиғадан зардап шеккен. «Шевроле» көлігін жүргізуші әйел оқиға орнында көз жұмған.

 


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!