Елордалық автобус паркінен сейф ұрлаған қарақшылар ұсталды

Фотография - Елордалық автобус паркінен сейф ұрлаған қарақшылар ұсталды

Тәртіп сақшылары қомақты ақша салынған сейфті ұрлаған топты қолға түсірді

223 0

Тәртіп сақшылары қомақты ақша салынған сейфті ұрлаған топты қолға түсірді

Астана қалалық ІІД Жедел басқару орталығына 6 сәуір күні таңғы сағат 5 шамасында автобус паркінің бірінен біреулердің сейфті ұрлағаны туралы мәлімет түсті.

Оқиға орнына жеткен жедел тергеу тобы таңғы сағат 4-те бетперде киген 3 белгісіз адамның автобус паркінің аумағына заңсыз өткенін анықтады. Олар күш көрсетіп, кәсіпорынның кеңсесінен 1 млн. 663 мың теңге салынған сейфті алып кеткен.

Қарақшылық шабуыл кезінде қос күзетші жарақаттанды.

ІІД қызметкерлері жедел іздестіру шараларының нәтижесінде баукеспелердің ізіне түсті. Олардың барлығы Ақмола облысының тұрғындары болып шықты. Астанада уақытша тұрып келген олардың екеуі 1990 жылы, үшіншісі 1989 жылы туған. Тергеу кезінде күдіктілер өз қылмыстарын мойындады. Ал сейфтегі қаржыны жаратып үлгерген. Ұсталғандардың екеуі «оңай олжаға» спорттық заттар мен ВАЗ 2108 көлігін сатып алған. Тәртіп сақшылары заттай айғақтарды тәркіледі.

Бүгінде күдіктілер Астана қалалық ІІД уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды.

Аталмыш оқиға бойынша ҚР ҚК 178 бабы «Ұрлыққа» сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүргізілуде.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!