Атырауда 32 жастағы әйел терроризм айыбымен сотталды

Фотография - Атырауда 32 жастағы әйел терроризм айыбымен сотталды

Атырау қалалық соты сейсенбіде жергілікті тұрғын, 32 жастағы Гүлмира Жұмашева деген әйелді терроризм айыбымен соттады.

183 0


Атырау қалалық соты сейсенбіде жергілікті тұрғын, 32 жастағы Гүлмира Жұмашева деген әйелді терроризм айыбымен соттады.

Судья Жұмашеваға "кәмелетке толмаған балаларды ұрып-соқты", " терроризмді насихаттады" және "кәмелетке толмаған балаларды террористік әрекеттер жасауға итермеледі" деп айып таққан.

Сотқа қатысқан облыстық соттың көмекшісі Толғанай Бурабаева сотталған әйелдің күйеуі бұған дейін Атырауда болған "терактілердің біріне қатысып, көзі жойылғанын" айтады. Оның сөзіне қарағанда, Жұмашева кәмелетке толмаған ұлын "құқық қорғау орындарының бірінің мекемесінде жарылыс жасауға итермелеген".

Сот бұдан өзге Жұмашеваның алты жастағы қызын айыптының сіңлісінің қарауына беру туралы бөлек үкім шығарған.

Сот айыпталған әйелден заттай айғақ ретінде алынған 20-ға жуық діни әдебиеттерді алып қалуды шешкен.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!