5 жасар қызды ұрлаған ер адам артынша қолға түсті

Фотография - 5 жасар қызды ұрлаған ер адам артынша қолға түсті

 Атырау қаласында көпшіліктің көз алдында белгісіз ер адам 5 жастағы қыз баланы ұрлап әкетті.

138 0

 Атырау қаласында көпшіліктің көз алдында белгісіз ер адам 5 жастағы қыз баланы ұрлап әкетті.

Аталмыш оқиғаға куә болған жанның қырағылығының арқасында күдікті жедел түрде ұсталды.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира Мұхтарованың айтуынша, оқыс оқиға Жарбосынов көшесінде орын алды. Онда бала ересектердің қарауынсыз серуендеп жүрген. Қызды ұстап алған ер адам дереу ізін суытуға тырысқан.

«Көшеде кетіп барат жатқан жүргіншінің бірі әлгінің қыздың туысы емес екенін сезген. Ол тез арада ұялы телефон арқылы тәртіп сақшыларын шақыртты. Оқиға орнына жеткен полицейлер ұрыны ұзатпай ұстады. Оқиғаның мән-жайы бойынша тергеу жұмыстары басталды», - дейді Г. Мұхтарова.

 


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!