Атырауда Украина азаматы бала ұрлады деп күдіктелуде

Фотография - Атырауда Украина азаматы бала ұрлады деп күдіктелуде

Атырау қаласында көпшіліктің көз алдында белгісіз ер адам 5 жастағы қыз баланы ұрлауға әрекеттенген

202 0

Атырауда Украина азаматы баланы ұрлады деп күдіктелуде.

Бұған дейін хабарланғандай, Атырау қаласында көпшіліктің көз алдында белгісіз ер адам 5 жастағы қыз баланы ұрлауға әрекеттенген. Оқыс оқиға Жарбосынов көшесінде орын алды. Ересектердің қарауынсыз серуендеп жүрген қызды ұстап алған ер адам тездетіп ізін суытуға тырысқан. Көшеде кетіп бара жатқан адамдардың бірі әлгінің қыздың туысы емес екенін түсінген. Ол тез арада ұялы телефоны арқылы тәртіп сақшыларын шақыртты. Оқиға орнына жеткен полицейлер ұрыны қолға түсірді.

«Оқиғаның мән-жайы бойынша тергеу жұмыстары басталды. Ұсталған адам Украинаның 27 жастағы азаматы болып шықты. Оның Қазақстанда тұруға құқығы бар және ер адам шаһардағы қызмет көрсету стансасында еңбек етеді. Айтуынша, ол масайған күйінде болғандықтан, балаға жақындаған себебін түсіндіре алмайды», - деді облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира Мұхтарова.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!