Павлодарда тұрғындар үйдің ауласынан ес-түссіз жатқан сәбиді тауып алды

Фотография - Павлодарда тұрғындар үйдің ауласынан ес-түссіз жатқан сәбиді тауып алды

Тағы бір жантүршігерлік оқиға. Павлодарда 3 жасар бала 5-ші қабаттан құлап қайтыс болды

158 0

Тағы бір жантүршігерлік оқиға. Павлодарда 3 жасар бала 5-ші қабаттан құлап қайтыс болды.

Ауыр жарақаттанған бөбек жансақтау бөлімінде көз жұмған. Тұрғындар тапа-тал түсте Гагарин көшесіндегі 5 қабатты үйдің ауласынан ес-түссіз жатқан сәбиді тауып алған. Олар бірден полицияға хабарласқан екен. Алайда балғынның өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.

"Бас ми жарақаты, қолының, аяғының көптеген сынулары, ішкі органдарының жарақаттануы болды. Және де жансақтау бөлімінде көрсетілген реанимациялық шараларға қарамай осы бала өмірден өтіп кетті. Себебі алған жарақаттары өмірмен сыйымсыз болды", - дейді дәрігер Талғат Қасымбеков.

Қазір полицейлер істің мәнін анықтап жатыр. Бір белгілісі, пәтерде болған атасы баланың балконға барғанын байқамай қалған.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!