Таразда өткен тәулік ішінде екі көлік өртенді

Фотография - Таразда өткен тәулік ішінде екі көлік өртенді

Жеке тұрғын үйдің тұрғынына тиесілі 1989 жылы шығарылған «Ауди-80» отқа оранды

173 0

Тараз қаласында өткен тәулік ішінде екі көлік өртенді, деп хабарлайды Жамбыл облыстық ТЖД баспасөз қызметінен.

Жеке тұрғын үйдің тұрғынына тиесілі 1989 жылы шығарылған «Ауди-80» отқа оранды. Оған көліктегі электр сымының тұйықталуы себеп болған. Тілсіз жау жарты сағаттың ішінде Тараз қалалық 1-ші өрт сөндіру бөлімі 1 бөлімшесінің күшімен ауыздықталды.

Шаһарда жеке тұрғын үйдің ауласындағы шаруашылық нысандар өртенген. Жалын 30 шаршы метр аумақты шарпып, ғимараттың ішіндегі «Победа» көлігі де күлге айналды. Тілсіз жауды ауыздықтауға Тараздағы 1-ші өрт сөндіру бөлімінің 2 бөлімшесі жұмылдырылды.

Аймақта маусым айынан бері көліктердің өртенуі бойынша 5 оқиға тіркелді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!