Барымташылар ұсталды

Фотография - Барымташылар ұсталды

СҚО Аққайың ауданы Аралағаш ауылында түнде қорадағы семіртілген бірнеше жылқыны айдап әкеткен

224 0

СҚО Аққайың ауданы Аралағаш ауылында түнде қорадағы семіртілген бірнеше жылқыны айдап әкеткен.

Олардың иесі малын іздестіруге тырысқанымен еш нәтиже шықпай, аудандық полиция бөліміне жүгінді.

Аудандық ІІБ бастығының жедел жұмыстар жөніндегі орынбасары, полиция майоры Марат Әлжанов бірнеше бағытта іздестіру жұмыстарын ұйымдастырды.

Көп ұзамай батпақты аумақта тұсаулы жылқы табылды. Тәртіп сақшылары сол маңда Жұмысшы кентінің тұрғынын қолға түсірді. 42 жастағы барымташы оқталған шолақ мылтықпен және оқ-дәрімен қаруланған болып шықты.

Жедел-іздестіру шараларының барысында тағы екі әккі ұры ұсталды. Безострой мен Сенная базаның тұрғындары бұған дейін де барымташылық және есірткі заттарын сақтағандары үшін сотталған.

Бүгінде аталмыш оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!