32 ноутбугты ұрлаған

Фотография - 32 ноутбугты ұрлаған

Қарағанды қаласының Қазыбек би аудандық сотында төрт азаматты аса ірі мөлшердегі ұрлықты жасағаны үшін айыптау жөніндегі қылмыстық іс қаралды деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметі

131 0

Қарағанды қаласының Қазыбек би аудандық сотында төрт азаматты аса ірі мөлшердегі ұрлықты жасағаны үшін айыптау жөніндегі қылмыстық іс қаралды деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметі.

Сот талқылауы барысында, 2012 жылдың қараша және желтоқсан айлары аралығында 4 азамат «Kanet Communication» ЖШС-де «Назарбаев Интеллектуалдық мектебі» ғимаратының әлсіз тоқ жүйесін құрастырумен айналысқан. Одан әрі, қылмыстық сөз байласып, «Д» блогының оқу бөлмесіне кіріп «Құлагер» Құрылыс корпорациясы ЖШС-нің «НР ProBook 4540s» маркалы 32 ноутбугтерін ұрлап, жалпы соммасы 5 068 800 теңге соммасына аса ірі мөлшердегі материалдық шығын келтірген.

2013 жылдың 13 маусымындағы соттың үкімімен төрт сотталушыны ҚР Қылмысты Кодексінің 175 бабы 3 бөлігі «б» тармағымен көзделген қылмысты жасағаны үшін айыпты деп танылып, оған ( ұрлық, яғни аса ірі мөлшердегі бөтеннің мүлкін жасырын түрде ұрлау). Сот ноутбугтерді 3 қылмыскерге 2 жыл мерзімге шартты жаза, тағы бір сотталушыға 2 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!