Жеті жасар қызды неге өлтірді?

Фотография - Жеті жасар қызды неге өлтірді?

Қызылорда облыстық мамандандырылған ауданаралық сотына небәрі жеті жастағы бүлдіршінді зорлап, артынан оны өлтірген қылмыскерге байланысты қылмыстық іс келіп түсті. Бұл оқиға облыс аудандарының бірінде болған. 

216 0

Қызылорда облыстық мамандандырылған ауданаралық сотына небәрі жеті жастағы бүлдіршінді зорлап, артынан оны өлтірген қылмыскерге байланысты қылмыстық іс келіп түсті. Бұл оқиға облыс аудандарының бірінде болған. 

Жасы 25-ке толған азамат әлі де ес тоқтата қоймаған екен. Сол күні ол көршісімен арақты қылдай бөліп ішеді. Сосын көршісі үйіне қайтып кетеді. Әзәзіл арақ буынын босатқан ол көшеде біршама уақыт не істерін білмей, қолын қалтасына салып сенделіп жүреді. Осындай сәттің бірінде мектептен қайтып келе жатқан бүлдіршін қызға көзі түседі. Осы сәтте оны шайтан азғырып, ол қылмыстық жоспар құрады.

Әлгі бүлдіршіннің соңынан түсіп, жұрт көзінен таса жерді іздейді. Бұзылған үйдің маңына келгенде жігіт кішкентай қызды бұзылған үйге қарап сүйреп алып кетеді. Әуелі кішкентай қызды тұншықтырып, содан кейін оның басынан кірпішпен ұрады. Алған жарақатынан бүлдіршін сол жерде жантәсілім етеді.

Сараптама нәтижесіне сүйенсек, қылмыскер нарко-психологиялық диспансерде тіркеуде тұрмайды. Бұрын сотталмаған, үшінші топ мүгедегі. Еш жерде жұмыс істемейді. Алғашқыда ол өз кінәсін мойындағысы келмеген. Дегенмен айғақты дәйектермен оның қылмысы әшкереленді.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!