Шекісуден шекесі іскен жігіттің әйелі министрге шағымданды

Фотография - Шекісуден шекесі іскен жігіттің әйелі министрге шағымданды

Қарағанды облысының Балқаш қаласындағы "Созвездие" дәмханасының маңында (Мұхамеджанов ықшам ауданы) Қапасов Қайырбек такси жургізуші Б.Әділхановпен сөзге келіп қалған. Содан кейін ол қасындағы кісілерін басқа таксимен Қазбеков көшесіне апарып, қайтып келе жатқанда алдынан жаңағы Б.Әділхановпен, оның ұлы Дәулетті. Кездесу соңы төбелеске ұласып, Қайырбек соққыға жығылған.

285 0

Қарағанды облысының Балқаш қаласындағы "Созвездие" дәмханасының маңында (Мұхамеджанов ықшам ауданы) Қапасов Қайырбек такси жургізуші Б.Әділхановпен сөзге келіп қалған. Содан кейін ол қасындағы кісілерін басқа таксимен Қазбеков көшесіне апарып, қайтып келе жатқанда алдынан жаңағы Б.Әділхановпен, оның ұлы Дәулетті. Кездесу соңы төбелеске ұласып, Қайырбек соққыға жығылған.


Сот сараптамасы бойынша Қапасов Қайырбектің диагнозы "Миы шайқалған.Беттің жұмсақ ұлпасы (ткань) іскен". Осы диагноз бойынша ол бір апта қалалық ауруханаға жатып шығып, әрі қарай тағы бір он күндей жұмысқа жарамсыз болып қалған.

Осыған орай ҚР Ішкі істер министрі Қ. Қасымовтың блогына арызданған Бибігүл Ермекова төмендегідей жайтты баян етті. «Дәрігердің шешімі бойынша жолдасым невропотологтың тізіміне алынды, 3 айға шейін ауыр жұмыс істемеуге және де 1 айдан кейін басына "компьютерлік томография" жасау керегін ескертті.

07.04.2013 жылғы жолдасымның өтініші бойынша куәгерлерден түсініктеме алынды.17.05.2013 жылы бізді сотқа шақырды, бірақ мені және куәгерлердің ешқайсын сот залына кіргізбеді. Жолдасымның айтуы бойынша, сот залында төреші С. Оразбаев «сен, яғни Қ.Қапасов ол күні ішкенсің, 85000 айыппұл немесе 40 тәулікке жабылатынын, немесе Әділханов Бақыт екеуінің келісуін айтқан, сол себепті жолдасым келіскен. Неліктен жабық сот болғанын түсінбедік?

2013 жылы 17 мамырындағы Іс №3-750 Қаулысы бойынша менің жолдасым Қ. Қапасов құқық бұзушы ретінде, ал Әділханов Бақыт жәбірленуші танылып, баласы Әділханов Дәулет туралы ештене айтылмады!(Біз ол туралы да арыз түсіргенбіз). Жолдасымды жәбірленушінің кешірімімен екеуінің татуласуына байланысты әкімшілік ҚР ӘҚБК-нің79-35-бабының 2-бөлігі бойынша жауаптылықтан босатып, істі тоқтатты.

Мен жолдасымның күнделікті басының ауырғанын қарап біліп жүргендіктен сот шешіммен келіспеймін. Мен жолдасымды дәрігерлік сараптамадан әлі де өткізуім керек.

Әділханов Бақыт пен баласы Дәулетке бір шара колданыла ма?!Жолдасым отбасымның асыраушысы, ертең алған жарақатының арты не болмақ? Сізге жазған хатымды жауапсыз қалдырмайтынызға сенемін!», –депті арызданушы келіншек.

Заң бойынша бізде адамдар арасындағы дауға төрелік етуші – сот. Егер арызданушы соттың шешімімен келіспей жатса, одан жоғары тұрған сотқа шағымдана алады. Сондықтан, заңға сүйенсек, бұл жерде екі азаматтың арасындағы кикілжіңге министр Қ.Қасымовтың да араласуға қақысы жоқ екенін айта кеткен артық емес.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!