Алматыда диплом жауған күн...

Фотография - Алматыда диплом жауған күн...

Алматыда жалған диплом және басқа да құжаттарды қолдан жасап, сатқан 47 жасар әйел ұсталды.

194 0

Алматыда жалған диплом және басқа да құжаттарды қолдан жасап, сатқан 47 жасар әйел ұсталды.

Қала тұрғыны бұл қызметпен автобус аялдамасында айналысқан. Кеңсе тауарларын сатып, ксерокөшірме жасауды кәсіп еткен қылмыскер дипломды астыртын сатып келген.

Полицейлер алаяқтың жұмыс орнынан ҚР Білім және ғылым министрлігінің мөрі басылған таза А4 қағаздар, медицина маманының жасанды сертификаттарын, дипломдардың таза бланкілерін, құжатқа жапсыратын голограммалар, түрлі-түсті принтер, сканер тәркіледі. Барлық тәркіленген құжаттар сараптамаға жіберілді.

Ұсталған азаматша өз айыбын мойындады. Ол бұл қызметпен 2002 жылдан бері айналысып келген. Алаяқ медицина қызметкерінің сертификатын 2-3 үш күнде 16 мың теңгеге дайындап береді.

Қазір қылмыскер Алматының уақытша ұстау изоляторында отыр. Ол ҚР ҚК 325-бабы 2-бөлімі бойынша кінәлі деп танылып, 4 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

 


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!