Маңғыстау облысындағы ауылда күшті дауыл мектептер мен үйлердің шатырын ұшырды

Фотография - Маңғыстау облысындағы ауылда күшті дауыл мектептер мен үйлердің шатырын ұшырды

Маңғыстау облысында күшті дауыл екі мектеп, дәмхана және сегіз жеке үйдің шатырын жұлып, газ құбырына зақым келтірді, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

221 0

Маңғыстау облысында күшті дауыл екі мектеп, дәмхана және сегіз жеке үйдің шатырын жұлып, газ құбырына зақым келтірді, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

 

Ведомствоның мәліметінше, Маңғыстау облысының Қарақиян ауданында, Жетібай кентінде 20 маусым күні  күшті дауыл тұрып, ғимараттардың шатырын жұлып әкетті. Бұған қоса газ құбырына зақым келген. №3 орта мектептің 350 шаршыметр №8 орта мектептің 20 ш.м. дәмхана мен 8 жеке меншік үйдің шатырын (оның ауданы әлі есептелуде) жел ұшырып әкеткен

 

«Диаметрі 59 мм газ құбырына зақым келді. Қазір жөндеу-қайта қалпына келтіру жұмыстары аяқталды, 21 маусымда таңертеңнен бастап көгілдір отын беріле бастайды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнында комиссия жұмыс жасап жатыр», - делінген хабарламада. 

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!