Атырауда жол апатында бір адам опат болып, 7-еуі ауруханаға жеткізілді

Фотография - Атырауда жол апатында бір адам опат болып, 7-еуі ауруханаға жеткізілді

23 маусымда күннің екінші жартысында Атырау облысында жол апатында бір адам ажал құшып, 7-еуі ауруханаға жеткізілді

171 0

23 маусымда күннің екінші жартысында Атырау облысында жол апатында бір адам ажал құшып, 7-еуі ауруханаға жеткізілді.

Аймақтағы ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира Мұхтарованың айтуынша, жол-көлік апаты Атырау-Орал күре жолында орын алған. «Ниссан-Премьераның» жүргізушісі басқару тетігіне ие бола алмай, жолдың қарсы бағытына шығып, «Мазда» көлігімен соқтығысқан. Бір адам оқиға орнында жан тапсырды, тағы жетеуі облыстық ауруханаға түсті. Жан сақтау бөліміндегі олардың екеуінің жағдайы ауыр.

Жол апаты сәуір айында қос көлік соқтығысып, өртеніп кеткен жерде орын алды. Ол кезде 7 адамның өмірі қиылған болатын.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!