Атырау-Орал автожолында жеңіл көлік аударылып, 2 адам ажал құшты

Фотография - Атырау-Орал автожолында жеңіл көлік аударылып, 2 адам ажал құшты

Бүгін таңертең Атырау облысында «Лада-Приора» көлігі аударылып, оқиға орнында екі адам көз жұмды

150 0

Бүгін таңертең Атырау облысында «Лада-Приора» көлігі аударылып, оқиға орнында екі адам көз жұмды.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира Мұхтарованың айтуынша, қайғылы жағдай Атырау-Орал тас жолында орын алған. Ер адам мен әйел оқиға орнында қаза болса, жүргізуші мен екі жолаушы ауруханаға жеткізілді.

Еске сала кетейік, бұл Атырау облысындағы адам өлімімен аяқталған тәулік ішіндегі екінші жол апаты. Кеше аталмыш күре жолда «Ниссан-Премьера» көлігінің жүргізушісі басқару тетігіне ие бола алмай, жолдың қарсы бағытына шығып, «Маздамен» соқтығысты. Бір адам оқиға орнында жан тапсырды, 7 адам облыстық ауруханаға жеткізілді. Жан сақтау бөліміндегі олардың екеуінің жағдайы ауыр.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!