Шымкентте тәртіп сақшылары 14 жасар қызды құлдықтан босатып алды

Фотография - Шымкентте тәртіп сақшылары 14 жасар қызды құлдықтан босатып алды

Сайрам ауданындағы шырқы бұзылған отбасынан қашып кеткен қыз күні бүгінге дейін жоғалғандар тізімінде болған

615 0

Сайрам ауданындағы шырқы бұзылған отбасынан қашып кеткен қыз күні бүгінге дейін жоғалғандар тізімінде болған. 

Кәмелетке толмаған жасөспірім қалаға келіп, жеңгетайлардың қолына түскен. Олар қызды қорқытып, бір жарым айдан бері тән бизнесінің қуыршағына айналдырған. Жеке басының табысы үшін қыз баланы тірі тауарға айналдырғандардың бірі бала-шағалы әйел болып шыққан. Қызды арсыздық пен нәпсінің құрсауына түсірген жеңгетайларға қатысты 5 бірдей қылмыстық іс қозғалған. Арандатушылардың арбауына түскен жасөспірімнің айтуынша, жеңгетайлар оны қорқытып, қомақты қаржыға саудалап отырған. Полиция қызметкерлері 2 әйелді кәмелет жасына толмаған қызды сатып тұрған жерлерінде ұстаған. Жеңгетайлардың жалдамалы пәтерінен жас қыздан басқа бірнеше бойжеткенді құлдықтан босатқан.

Салтанат ҚАРАКӨЗОВА, Облыстық ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының бастығы:

- Көзге түспеу үшін бір азаматша азық-түлік сататын дүкенде жұмыс істеп отырған, кішкентай дүңгіршекте. Клиенттер келген кезде сонымен сөйлесетін болған. Ол өзінің сыбайласына телефон арқылы осындай жезөкшелер керек деп осындай жолмен ақша алып отырған.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!