Полицейлердің қолынан көз жұмған азаматтың мәйіті табылды

Фотография - Полицейлердің қолынан көз жұмған азаматтың мәйіті табылды

Солтүстік Қазақстан облысының жағажайларының бірінде осыдан бір айдай бұрын із-түссіз жоғалған Евгений Коптың мәйіті табылды

109 0

Солтүстік Қазақстан облысының жағажайларының бірінде осыдан бір айдай бұрын із-түссіз жоғалған Евгений Коптың мәйіті табылды. Оның өлімін сол кезде-ақ күдікті деп танылған үш полицей өз мойындарына алған болатын. Бұл жайында Жетінші арна хабарлайды. 

Марқұмның өлі денесін демалып жүргендер байқап қалып, судан жағаға алып шыққан. Мәйіт Соколовка ауылынан 1 шақырым қашықтықтан табылды. Куәгерлердің айтуынша, Евгений Коп жоғалып кететін күні үш полицеймен жаға жыртысқан көрінеді. Ал, тергеуден кейін әлгі күдікті үшеу өз қылмыстарын мойындап, жәбірленушінің өлі денесін суға тастағандықтарын айтты.

Құтқарушылар мәйітті іздеп, Есіл өзенін Ресей шекарасына дейін іздеп шыққан болатын. Алайда, түк таппады. Ал, сот санкциясымен күдікті деп танылған сержант, капитан және аға лейтенант қазір қамауға алынды. Оларға айып тек сараптамалар аяқталған соң ғана тағылатын болады.

СҚО ІІД баспасөз хатшысының айтуынша, өзеннен табылған мәйіттің Евгений Коп екендігін туыстары растаған.

Басты айыпталушы Тимур Үмбетовке денсаулығының сыр беруіне байланысты ота жасалыпты. Ал, қайтыс болған 25 жастағы жігіттің артында жалғыз әжесі ғана қалған.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!