Қарағандыда кәмелетке толмаған 3 қызға қатысты сот басталды

Фотография - Қарағандыда кәмелетке толмаған 3 қызға қатысты сот басталды

Бұл туралы соттың қабылдау кеңсесінен хабарлады.

174 0

Қарағандыда облыстық жасөспірімдер ісі бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында құрбысын тұншықтырып өлтірді және ол қылмысқа қатысы бар делінген кәмелетке толмаған үш қызға қатысты сот басталды. Бұл туралы соттың қабылдау кеңсесінен хабарлады.

Маусым айының басында Қарағандығы қаласы маңындағы су қоймаларының бірінен 9 жастағы Аня Ткаченко есімді қыздың өлі денесі табылған еді. Оның өліміне көршілес құрбылары, кәмелетке толмаған үш қыз кінәлі деген күдікке ілінген.

Соттың қабылдау кеңсесінің ақпаратына қарағанда, сотта әуелі әкімшілік іс қаралған. Бұдан соң күдікті оқушы қыздарды арнайы мектепке жіберу мәселесіне қатысты азаматтық істі қарау басталған.

Сот шешіміне қатысты ақпараттарды Азаттық қосымша хабарлайды.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!