Жаркент қаласында ұйымдасқан қылмыстық топтың қаруланған мүшесі қолға түсті

Фотография - Жаркент қаласында ұйымдасқан қылмыстық топтың қаруланған мүшесі қолға түсті

Ер адам қамауға алынып, оған қатысты ҚР ҚК 259-бабы, 1-1 бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

300 0

Алматы облысының тәртіп сақшылары ҰҚК-мен бірлесіп, облыстың оңтүстік аймағына өздерінің ықпалын жүргізуге әрекеттенген ұйымдасқан қылмыстық топтың өкілін, Панфилов ауданының 27 жастағы тұрғынын құрықтады.

Полицейлер жедел шараны шекарадағы Жаркент қаласында ұйымдастырды. Көшелердің бірінде «Мерседес бенцс» көлігінің қаруланған жүргізушісі ұсталды.

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының мамандары оның көлігін тінту барысында 270 грамм гашиш, тіркеу нөмірінсіз дыбысты бәсеңдеткіші бар «ПСН» үлгісіндегі тапаншаны, 5,45 мм калибрлі алты оқты тапты. Сезікті ұйымдасқан қылмыстық топтардың бірінің белсенді қатысушысы болып табылады.

Ер адам қамауға алынып, оған қатысты ҚР ҚК 259-бабы, 1-1 бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!